A+ A A-

talgatzhan 33 Кеше, 14:20 0

Шемонаиха ауданында тігін шеберханасы ашылды

Бүгін / Шемонаиха

Шемонаиха ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Айым Қабылбаева «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында өз кәсібін сәтті бастап отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кәсіпкер 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, тігін саласын дамытуға бағытталған жобасын іске асыруда. 8 млн теңгеге тігін машиналары, оверлок, DTF-принтер, тігін фурнитуралары мен қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

Бүгінде шағын шеберханада ұлттық нақыштағы және заманауи үлгідегі киімдер тігіледі. Жеке кәсіптің арқасында жаңа жұмыс орыны ашылды. 

Айым Қабылбаеваның айтуынша, қолжетімді қаржыландыру мен нақты қолдау -  жобаның басты тиімділігі.

- Көп жылдан бері тігін ісімен айналысуды ойлағанмен қолымда қаражат болмағандықтан бастау мүмкін болмады. Қажетті құрал-жабдықтарды алу қиын болды. «Ауыл аманаты» жобасын естіген соң қатысуды жөн деп санадым.  Енді өз ісімді кеңейтіп, сапалы отандық өнім шығаруға ниеттімін. Партия мен мемлекетке көрсеткен қолдауы үшін алғысым шексіз, – дейді кәсіпкер.

Қазір оның ай сайынғы таза табысы - шамамен 300 мың теңге. Бұл жоба ауыл әйелдерінің кәсіпкерлік әлеуетін арттырумен қатар, өңірдің экономикалық дамуына да үлес қосуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив