Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Глубокое ауданының 2025 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Эльдар Тумашиновтың айтуынша, биыл негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады.
– Осы жылы ауданда 1252 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға жетті. Орташа айлық жалақы 13,3%-ға өсіп, 394 750 теңгені құрады, - деді ол.
Сонымен қатар ауданда ірі жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, Прапорщиково ауылында кеме жасау шеберханасы ұйымдастырылып, Ертіс кеніші мен Анисимов кілті кен орындарын игеру жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 94,1 миллион теңгеге 8 жоба мақұлданған.
Туризм саласында бірнеше өзгеріс бар. Қазір Таулы Үлбі ауылында қонақүй мен демалыс үйлерінің құрылысы жүріп жатыр. Ал Быструха ауылында 2,9 шақырым көше жөнделген.
Ұлжан СЕЙІТХАНОВА
Пікірлер