A+ A A-

talgatzhan 33 Кеше, 17:00 0

Глубокое ауданында хоккей корты салынады

Бүгін / Глубокое / Спорт

Бұл туралы аудан басшысы Эльдар Тумашинов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл тамыз айында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан халқымен кездескенде Глубокое кентінде төбесі жабық хоккей корты салынатынын айтып, аудан әкімне жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырған еді. 
- Қазір төбесі жабық хоккей кортының жобасы дайын. Құрылыс жұмыстарына арналған жер анықталды. Келесі жылы спорт нысанын салу басталады, - деді аудан әкімі Эльдар Тумашинов.
Айта кетейік, биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында Опытное поле ауылында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар Белоусовка кентінде 150 орындық Мәдениет үйінің құрылысы жалғасуда.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив