A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 17:30 0

ШҚО құтқарушылары балықшыларға ескерту жасады

Бүгін / ШҚО

Облыста күзгі балық аулау маусымы басталғалы екі оқыс оқиға тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, мұндай жағдайлардың басты себебі сол, қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Құтқарушылардың айтуынша, ішімдік ішу, қатты жел мен толқын кезінде қайықпен суға шығу, құтқару жилетін кимеу және түнгі уақытта балық аулау ең жиі кездесетін қателіктердің бірі. Әсіресе, суда жүзе алмайтындардың қайықпен балық аулауы аса қауіпті.

Мамандар әр балықшы өзімен бірге міндетті түрде қуатталған ұялы телефон алып жүріп, су айдынына шықпас бұрын жақындарына тұрған орнын хабарлауы қажет екенін айтуда. Бұдан бөлек құтқару жилетін киюді ұмытпау, қайық жарамдылығын алдын ала тексеру, қатты жел мен қараңғы уақытта суға шықпау, артық жүк салмау
жабдықтарды қайықтың жақтауына ұқыптап орналастыру маңызды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив