A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:20 0

Қазақстан халқының саны 20,4 миллион адамға жетті

Бүгін / Республика

Қазақстан халқының саны 2025 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша 20 445 231 адамға жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде:

табиғи өсім есебінен – 151 632 адам;

көші-қон есебінен – 10 200 адам.

Бюро деректеріне сәйкес, қазіргі таңда жеті өңірде халық саны 1 миллионнан асты. Олар:

Алматы қаласы – 2 337 023 адам;

Түркістан облысы – 2 148 207 адам;

Астана қаласы – 1 612 512 адам;

Алматы облысы – 1 586 875 адам;

Шымкент қаласы – 1 286 087 адам;

Жамбыл облысы – 1 216 849 адам;

Қарағанды облысы – 1 131 818 адам.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел халқының өсімі негізінен табиғи жолмен қамтамасыз етіліп отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив