A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 09:40 0

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады

Бүгін / Республика

Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше алдағы күндері ел аумағында қар жауып, көктайғақ болады, жел күшейіп, жолдарда көріну деңгейі төмендейді. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді барынша мұқият болуға және көліктерін алдын ала дайындауға шақырды.

- Доңғалақтардың, тежегіш жүйесінің жағдайын, техникалық сұйықтықтардың деңгейін және қажетті қысқы жабдықтардың бар-жоғын тексеріңіздер, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Айдын Оразбаев.

Әсіресе жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын және қалааралық жолдарға шығатын жүргізушілер жылдамдық режимін, арақашықтықты және маневр жасау ережелерін қатаң сақтауы қажет.

- Өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың өмірін сақтаңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады, - деді Айдын Оразбаев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив