Синоптиктердің айтуынша, күздің соңы жылы әрі жауын-шашынды болады деп күтілуде. Желтоқсан мен қаңтар әдеттегіден суғырақ, жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады. Ал ақпан айында тұрақты ауа температурасы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қараша айының бірінші жартысында жауын-шашын күтіледі, ал екінші және үшінші онкүндіктерде қар жауады. Жиі жел соғуы мүмкін.
Желтоқсан айында облыстың басым бөлігінде күн суытады. Ауа температурасы нормадан 1°C төмен болады деп болжануда. Жауын-шашын мөлшері нормадан төмен, ал оңтүстік пен шығыс аймақтарда шамамен норма деңгейінде болады.
Қаңтар айында орташа ауа температурасы нормадан 1°C төмен, жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады.
Ал ақпан айы жылы болады деп күтілуде. Сынап бағанасы -10-18°C шамасында сақталуы ықтимал.
Пікірлер