5 қараша сағат 08:00-ден бастап Өмеш асуы арқылы өтетін тасжолда тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайты.
«ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының ақпаратынша, 5 қараша сағат 08:00-ден бастап жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» тасжолының 46-66 шақырымындағы (Өмеш асуы) учаскесінде тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Шектеу қысқы кезең аяқталғанға дейін сақталады.
Пікірлер