"Заң мен тәртіп" қағидасын іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде республика бойынша есірткінің заңсыз айналымына тартылған 60-тан астам кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. 
Белгілі болғандай, облыста кәмелетке толмаған жас жігіт анықталды. Ол Алматыдан Өскеменге ұшып барып, бір ай бойы интернет-дүкен арқылы тыйым салынған заттарды жеткізуші ретінде жұмыс істеген. Ұстау кезінде одан α-PVP тобына жататын 3 грамм синтетикалық есірткі алынды. 
Ішкі істер министрлігі ата-аналарды өз балаларының кіммен араласатынына, қандай әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдаланатынына ерекше назар аударуға шақырады. Кей жағдайларда мұндай ресурстар "қашықтан жұмыс" немесе "жеңіл табыс" түрінде ұсынылып, заңсыз әрекеттерге тартудың құралына айналып отыр. 
ІІМ еске салады: есірткі және психотроптық заттарды сатумен айналысқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық әрекеттеріне ата-аналардың салғырт қарауы әсер еткені анықталған жағдайда, ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жоспарлануда. 
 
        
        
Пікірлер