Қазақстан-Американ еркін университет колледжінде «Заң және жастар» атты диалогтық алаң ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Заң және тәртіп» идеогемасы аясында өткен іс-шараның мақсаты - студенттердің құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері мен психологтар қатысып, жастардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сананы қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Спикерлер нашақорлық пен өзге де тәуелділіктердің алдын алу тақырыбына назар аударып, құқықтық сауаттылық пен саналы таңдау салауатты өмір салты мен қауіпсіз болашақтың кепілі екенін атап өтті.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Бұл кездесу жастардың құқықтық мәдениеті мен жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Пікірлер