Қыркүйек айының қорытындысы бойынша елдегі минералды су, салқын сусындар мен шырындардың бағасы бір жыл ішінде 14,6%-ға артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Минералды су 16,9%-ға, ауызсу 17,3%-ға, газдалмаған сусындар 10,5%-ға, газдалған сусындар 16,6%-ға, жеміс шырындары 13%-ға, көкөніс шырындары 13,1%-ға қымбаттады.
Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Павлодар (30%-ға), Солтүстік Қазақстан (20,8%-ға), Ақмола (18,4%-ға) және Ұлытау (18%-ға) облыстары мен Астанада (16,1%-ға) байқалады. Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш 11,8%-ды құрады.
Пікірлер