Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,4 жылды құрады. Бұл АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) мәліметтерінен 2,1 жылға артық көрсеткіш, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыныс бойынша айырмашылық та айқын байқалады: ерлердің өмір сүру ұзақтығы – 71,3 жыл, әйелдердікі – 79,4 жыл (айырмашылық – 8,1 жыл).
Ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматыда (78,8 жыл), Астанада (78,5 жыл) және
Шымкентте (77,2 жыл) тіркелді. Бұл қалаларда ерлер мен әйелдер арасында да ең жақсы көрсеткіштер байқалды.
Ал ең төмен күтілетін өмір сүру ұзақтығы Ұлытау облысында тіркелді — 72,5 жыл (ерлер арасында – 68 жыл, әйелдер арасында – 77,1 жыл).
Төмен көрсеткіштер Шығыс Қазақстан (73,4 жыл) және Солтүстік Қазақстан (73,7 жыл) облыстарында да байқалды.
Пікірлер