Кеше түнде Астана уақыты бойынша таңғы сағат 05:59-да Ресей шекарасына жақын жерде 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі interfax.ru-ға сілтеме жасап.
Агенттік ақпаратынша, жер сілкінісінің ошағы Ресей шекарасынан шамамен 17 шақырым және Өскеменнен оңтүстік-шығысқа қарай 207 шақырым жерде болды.
Эпицентрдегі жер сілкінісінің қарқындылығы MSK-64 шкаласы бойынша 4,7 баллға жетті. Зақымданулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Пікірлер