Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, әйел ауруханаға жатудан бас тартты.
- Зардап шеккен жолаушының кеуде тұсы мен мен оң қолының шынтағы жарақаттанған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Науқас ауруханаға жатқызудан бас тартты, - делінген ресми ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қараша күні «Өскемен-Риддер» тасжолының 48 шақырымында ЗИЛ мен Toyota Estima көліктері соқтығысып, 5 адам көз жұмды.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, Toyota Estima көлігін заңсыз такси жүргізушісі тізгіндеген. Ішінде жүргізушіні қосқанда алты адам отырған көрінеді. Ал ЗИЛ жүргізушісі оқиға кезінде көлікте болмаған.
Пікірлер