5-8 қараша аралығында қала аумағында «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
– Түнгі уақытта қараусыз жүрген жасөспірімдер қылмыс жасауы немесе қылмыстың құрбаны болуы мүмкін. Соның алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары жасөспірімдердің түнгі уақытта заңсыз өкілдерінсіз жүру фактілері бойынша рейд өткізуде, – делінген Өскемен қаласы полиция басқармасының мәліметінде.
Пікірлер