455 498.77 5.56
A+ A A-

Абай облысында жол апатынан қаза тапқандар арасында Азия чемпионы бар

Абай облысында жол апатынан қаза тапқандар арасында Азия чемпионы бар [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Абай облысында үш студенттің өмірін қиған жол апатына қатысты жаңа дерек белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасынан көз жұмғандардың бірі - Қазақстан құрамасы атынан аралас жекпе-жек бойынша өнер көрсеткен 19 жастағы Нұрмағамбет Тұрарбеков екені анықталды. Ол командаластарымен бірге Астанада өткен Азия чемпионатынан Семейге келе жатқан.

Alikhan Bokeikhan University мәліметінше, студенттер ресми шақыру хат негізінде чемпионатқа қатысуға жіберілген.

- Азия чемпионатына қатысу туралы ресми хат келгеннен кейін студенттерді сабақтан босатып, жарысқа қатысуына рұқсат бердік. Өкінішке қарай, жарыстан кейін осындай қайғылы оқиға болды. Олар спортқа ынталы, оқу мен спортты қатар алып жүрген жастар еді, - деді университеттің проректоры Азамат Азатов.

Еске салсақ, Абай облысындағы тасжолда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам көз жұмды.

 

 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив