A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 15:00 0

ШҚО-да ертең қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін / ШҚО

"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 6 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Түнде және таңертең өңірдің шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады. Түнде облыстың оңүстігінде, күндіз батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады. 
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері тұрғындарды мұқият болуға, алыс жолға шықпауға шақырады. Автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты нақтылап, көлік дөңгелектерін жол төсемінің жағдайына сәйкес келетініне көз жеткізу керек. Жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қашықты сақтаған ұсынылады. 
Автожолдардың жай-күйі, дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.
Төтенше жағдайлар туындаса, "112" нөміріне хабарлаңыздар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив