Қала әкімдігінің мәліметінше, 8 қараша күні сағат 08:00-15:00 аралығында бес ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сатылымға жылқы, сиыр, қой және шошқа еті, сүт өнімдері, бал, көкөністер мен жеміс-жидектер, жергілікті өндірушілердің басқа да тауарлары шығарылады.
Жәрмеңкелер келесі мекенжайлар бойынша өтеді:
«Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы алаңында (Жібек жолы даңғылы, 44) Зайсан ауданының өнімдері ұсынылады;
«ДосНар» сауда үйі, Виноградов көшесі, 17а;
«Керуен» сауда үйі, Өтепов көшесі, 3;
«Теміржолшылар саябағы», Защита шағын ауданы, Тынышпаев көшесі, 122;
«Валентина» сауда үйі, Б. Шаяхметов көшесі, 13.
Пікірлер