A+ A A-

talgatzhan 42 5-11-2025, 17:00 0

Қазақстанда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін / Республика

"Қазгидромет" РМК алдағы бірнеше тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Барикалық құрылымдардың тез алмасуы ауа температурасының айтарлықтай ауытқуына себеп болып отыр, дейді мамандар.

- Алдағы күндері аяз әкелген суық антициклон ел аумағынан ығысып, оның орнына жылдам қозғалып келе жатқан циклон келмек. Бұл циклон жауын-шашынды сақтағанымен, өзімен бірге жылымық алып келеді, солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы түнде 3 градус аяздан күндіз 2 градус жылуға дейін көтеріледі. Ал оңтүстік өңір тұрғындарын жылы ауа массалары қуантады: олар жауын-шашынның тоқтауына ықпал етеді, әрі 8 қарашада күндізгі уақытта ауа температурасы +10…+15°С дейін көтеріледі деп күтіледі, – делінген синоптиктер болжамында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив