A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 10:05 0

ШҚО-да жыл басталғалы 58 өрт тіркелді

Бүгін / ШҚО

Құтқарушылар өңір тұрғындарын жылыту маусымы кезінде барынша мұқият болуға шақырып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандардың айтуынша, тілсіз жаудың негізгі себептері сол, отты абайсыз пайдалану (40%), пеш жағу кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы (27%) және электр жабдықтарын дұрыс орнатпау (21%). Бұдан бөлек, кей жағдайда балалардың отпен ойнауы мен төсекте шылым шегуі салдарынан да өрт шығу жағдайлары да кездескен.

— Тұрғындар секторын аралау және рейдтік кезінде 9000-нан астам өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылғаны анықталды. Пештердің, электр сымдарының ақаулы болуы және қолдан жасалған құрылғыларды пайдалану жиі кездесетін заңбұзушылықтар. Азаматтардан мұндай кемшіліктерді дер кезінде жоюды сұраймыз. Ұшқын шығаратын розетканы уақтылы жөндеп, ашық отты қолданғанда сақ болу керек, – деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Құтқарушылар өңір тұрғындарын жылыту маусымы кезінде барынша мұқият болуға шақырып отыр. Себебі бір сәттік салғырттық үлкен шығын мен адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив