Өскемендегі Ана мен бала орталығының терезесінен сирек кездесетін сұр үкі көрінді. Табиғаттың тосын сыйы перзентхана қызметкерлері мен аналарды таңғалдырды. Бұл құс қалада өте сирек кездеседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ана мен бала орталығының қызметкерлері мен пациенттері сирек кездесетін табиғи көріністің куәсі болды – дәл босану бөлімінің терезесінен сұр үкі байқалған.
Мекеме ұжымының хабарлауынша, бұл – қала ішінде өте сирек кездесетін құс. Үкі әдетте тыныштықты, ескі ағаштар мен орман шетін ұнатады, сондықтан мұндай ірі құстың қала ортасында, оның үстіне күндіз пайда болуы – табиғаттың нағыз сыйы іспетті.
- Бүгін Ана мен бала орталығының қызметкерлері мен аналар сирек кездесетін көріністі тамашалады. Перзентхана терезесінің сыртында сұр үкі қонған. Бұл құс әдетте қала ішінде кездеспейді, көбіне түнде ғана көрінеді. Осындай сәттер бізге қаламыздағы жасыл аймақтарды сақтау қаншалықты маңызды екенін еске салады – өйткені дәл сол жерлер жабайы табиғат өкілдерінің мекеніне айналады, – делінген орталықтың Instagram парақшасындағы жазбада.
Пікірлер