Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
- Елдің тарихи-мәдени ерекшеліктерін айқындайтын ұлттық нышандардың тізімін жасау – әлемде кеңінен қолданылатын тәжірибе. Ұлттық нышандар елдің өзіне тән ерекшелігін тануға, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтуға және тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға ықпал етеді, - делінген құжатта.
Осы мақсатта жалпыұлттық нышандардың мынадай тізімі айқындалады:
ұлттық ұран – «Алға, Қазақстан!»;
ұлттық түстер – аспан түстес көк, алтын сары түс;
ұлттық кітап нышаны – Абайдың «Қара сөздері»;
ұлттық бірлік нышаны – шаңырақ;
ұлттық музыкалық аспап нышаны – домбыра;
ұлттық өсімдік нышаны – қызғалдақ;
отандық өнім шығарудың ұлттық белгісі – «Қазақстанда жасалған», «Made in Qazaqstan»;
ұлттық хэштег – #Qazaqstan, #Kazakhstan.
- Жалпыұлттық нышандардың осы тізімі елдің бірыңғай нышандар жүйесін және брендін қалыптастырады. Ұлттық нышандар жалпыұлттық айдентиканың, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің, азаматтық қоғам институттарының базалық элементтеріне айналуға тиіс. Ұлттық нышандар салтанатты рәсімдерді, қоғамдық-саяси, гуманитарлық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында қолданылуы мүмкін, - деп нақтыланды Жарлықта.
Пікірлер