5-9 қараша аралығында облыс орталығында «Тасымалдаушы» жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның мақсаты - жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолаушылар тасымалын бақылауды күшейту, жеке тұлғалардың жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдауын анықтау.
Аталған шара Риддер-Өскемен тасжолында болған жол апатына байланысты қолға алынды.
Полиция тасымалдаушылардан көліктің техникалық жағдайына, қажетті құжаттардың бар-жоғына назар аударуды сұрайды. Сондай-ақ жүргізушілер жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын қатаң сақтау керек.
Пікірлер