4 қарашада полицияға Металлургтер көшесіндегі аулада 57 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жіберілді.
- Алдын ала ақпарат бойынша қылмыс тұрмыстық сипатта болған, - делінген ШҚО Полиция департаменті өкілдері таратқан ақпаратта.
Пікірлер