A+ A A-

talgatzhan 1 Кеше, 14:20 0

Үлкен Нарын ауданына Президент кеңесшісі келді

Бүгін / Үлкен Нарын

Бүгін ҚР Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Үлкен Нарын ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесуде ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, онда айқындалған басым міндеттердің өңірлік деңгейде жүзеге асырылу барысына тоқталды.
Мәлік Отарбаев өз сөзінде Жолдауда атап өтілгендей, жасанды интеллект, цифрлық трансформация және жаңа технологияларды тиімді қолдану – экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасын арттырудың басты тетігі екенін атап өтті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, білім, медицина және мемлекеттік қызмет көрсету салаларына инновацияларды енгізудің маңыздылығына ерекше назар аударды.
Кездесу барысында аудан әкімі мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Үлкен Нарын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсім көрсеткенін атап өтті.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,3 млрд теңгені құрап, өсім 119 пайыз болды, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 14,6 млрд теңгеге жетіп, 7 пайыз артты, 39 жаңа ауылшаруашылық техникасы сатып алынып, шаруаларға 223 млн теңге субсидия берілді, «Кең дала-2» бағдарламасы аясында 21 шаруа қожалығы 528 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды, туризм саласында да оң серпін байқалып, 2025 жылы ауданға келген туристер саны 15 мыңнан асты. 
Сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде, «Үлкен Нарын ауылындағы су құбырлары мен желілерін жаңғырту» жобасы аясында 77 км су жүйесі қайта жаңартылуда, ауданның 10-нан астам көшесіне орташа жөндеу жүргізіліп, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырылуда.
Білім мен медицина саласында да маңызды жаңалықтар бар, барлық мектептер интернетке толық қосылған, оның ішінде сегіз мектеп Starlink жүйесін пайдаланады, «Цифрлық және мобильді мұғалім» жобалары іске асырылып, шалғай ауыл оқушыларына сапалы білім алу мүмкіндігі кеңейтілуде, ал денсаулық сақтау саласында аудандық ауруханаға заманауи компьютерлік томограф пен басқа да медициналық құрал-жабдықтар алынған.
Кездесуге қатысқан ардагерлер мен қоғамдық кеңес мүшелері де өз ойларын білдірді, ауданның Қоғамдық кеңес мүшесі Қайрат Бопуров Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған бағыттардың ауыл өмірін жаңғыртуға үлкен серпін беретінін атап өтіп:
- Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды ауыл өміріне енгізу – жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады, ел дамуына әр буын өз үлесін қосуы тиіс, – деді ол. 
Сондай-ақ кездесуге қатысқан «AMANAT» партиясының аудандық филиалының өкілдері партияның жол картасы мен Президент Жолдауын орындау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар туралы баяндап өтті, партия бастамасымен 2025 жылы жоспарланған 47 іс-шараның 32-сі толық орындалып, қалғандары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, «Жер аманаты» жобасы бойынша 12 821 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспар 160 пайыз орындалған.
- Президент Жолдауында көрсетілгендей, жасанды интеллект дәуіріне бейімделу – уақыт талабы, Үкімет, жергілікті билік және қоғам өкілдері күш біріктірсе, Үлкен Нарын өңірі заманауи, цифрлық және тұрақты даму жолында үлгі бола алады, - деді Мәлік Отарбаев кездесу соңында
Тұрғындар өз ұсыныстарын білдіріп, ауылды абаттандыру, жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік инфрақұрылым мен цифрлық сервистерді дамыту жөнінде пікір алмасты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив