«Өскемен – Шемонаиха» тасжолында полиция капитаны Данияр Қиноятов пен полиция лейтенанты Шыңғыс Жақсылықовқа жолда келе жатқан жүргізуші көмек сұрап жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ер адам көлігінде ес-түссіз жатқан баланың бар екенін хабарлап, оны жақын маңдағы медициналық мекемеге тез арада жеткізуге көмектесуін сұраған.
Полиция қызметкерлері арнайы сигнал қосып, көліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз етті. Соның арқасында бала ауруханаға тез жеткізіліп,қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Науқастың әкесі полицейлерге жылдам әрекет етіп, көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
Пікірлер