5 қарашада облыс орталығының жолдарында көктайғақ пайда болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, кеше ауа райының нашарлауына байланысты 23 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Әдетте күніне 10-15 жол апаты болады. Айта кетейік, кеше дөңгелек сататын дүкендерде ұзын-сонар кезек пайда болды.
Пікірлер