«Қазгидромет» облыстық филиалының мәліметінше, ертең өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскеменде қар мен боран күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
- Мұндай ауа райында алыс жолға шықпаған жөн. Егер сапарға шығу қажет болса, мұқият дайындалып, қажет заттарды алу керек. “Darmen” мобильді қосымшасын жүктеп, жол жағдайын тексеруге болады. 26-28-08 нөмірі арқылы республикалық жолдардың, 57-42-52 нөмірі арқылы облыстық жолдардың жағдайын білуге мүмкіндік бар. Жүргізушілерге дауылды ескертулерді елеп, жылдамдық пен қауіпсіз қашықты сақтауға кеңес беріледі. Жаяу жүргіншілер жарақат алу қаупін азайту үшін абай болу керек, - делінген ресми ақпаратта.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар.
Пікірлер