7 қараша күні Металлургтер мәдениет сарайында 10-11 сынып оқушыларына арналған “Grant Fest” фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара барысыда жетекші университеттер өздерінің білім беру бағдарламаларын ұсынады. Қатысушылар жоғары оқу орындары мен мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат алып, университет өкілдерімен кеңесе алады.
Сағат 14:00-15:00 аралығында жоғары оқу орындарының көрмесі, сағат 15:00-17:00 аралығында конференция өтеді.
Фестиваль ұйымдастырушысы - “Grant” білім беру орталығы.
Іс-шараға қатысу тегін.
Пікірлер