Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының әртістері мен шығармашылық ұжымдары елді мекендердегі көрермен үшін концерттік бағдарлама ұсынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Мәдениет басқармасының қолдауымен «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында тур ұйымдастырылады:
7 қараша күні сағат 11:00-де Черемшанкада, сағат 14:00-де Секисовкада;
8 қараша күні сағат 11:00-де Быструхада, сағат 14:00-де Малоубинкада;
9 қараша күні сағат 11:00-де Прапорщиковода, сағат 14:00-де Опытное поледе;
14 қараша күні сағат 11:00-де Березовкада.
Ауыл тұрғындары үшін концертке кіру тегін.
Пікірлер