Биыл облыс орталығында 40 шақырымнан астам жол жөнделді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал келесі жылы қалпына келтірілетін көшелердің тізімі алдын ала жасалады. Жөндеу жұмыстарының өзі көктемде басталады.
Биыл ықшамаудандарындағы көшелерді қоса алғанда, шамамен 20 учаскеге асфальт төселді. Орташа жөндеудің ұзындығы 42 шақырымды құрайды. 46 шақырым учаскеге қиыршық тас төселді.
- Маған келесі жылға арналған жол жөндеу жоспары қажет. Тізімді дайындау керек. Сондай-ақ қазірден бастап аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді жақсарту жоспарын жасауымыз тиіс, - деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.
Пікірлер