A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 12:05 0

ШҚО қалаларында 5839 бейнебақылау камерасы орнатылған

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Сапарғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде жасанды интеллект қалалық қауіпсіздік саласында белсенді қолданылады. Оның көмегімен бейнебақылау деректері талданып, қоғамдық көліктің жұмысы оңтайландырылуда. 

Белгілі болғандай, Өскемен, Риддер және Алтай қалаларындағы 5 839 бейнебақылау камерасы облыс әкімі аппаратының ведомствоаралық жағдайлық орталығы мен полицияның жедел басқару орталығына біріктірілген.
- Жол және қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында қосымша 243 «Мерген»  аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды. Оның 202-сі Өскеменде, 24-і Риддерде, 17-сі Алтайда орнатылған, — деді Арнұр Сапарғалиев.
Сонымен қатар облыс және аудан әкімдіктері мен ведомстволық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін 30-дан астам ақпараттық жүйе қолданылуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив