A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 12:15 0

ШҚО-да тағы 56 ауылға интернет қосылады

Бүгін / ШҚО

Қазір өңірдегі 357 елді мекеннің 235-і ғаламторға қол жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс аумағында байланыс сапасын жақсарту мақсатында бюджет есебінен 14 антенна-мачталық құрылым орнатылуда. Аталған жұмыстар Топқайың (Катонқарағай ауданы), Зимовье (Глубокое ауданы) және Жоғарғы Тайынты (Ұлан ауданы) ауылдарында жүзеге асырылды. Қалған нысандар тіркеу және қосылу кезеңінде.
ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Сапарғалиевтің айтуынша, жыл соңына дейін тағы біқатар ауылға ғаламтор қосу жоспарланған.
- Осы жылдың соңына дейін 56 ауыл интернетпен қамтамасыз етіледі. Ал халқы аз және қол жеткізуі қиын орналасқан 66 елді мекенді 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен қамту жоспарланып отыр, - деді ол.

Айта кетейік, Өскеменде жаңа буындағы 5G байланысының 32 базалық станциясы орнатылған. Осы жылдың соңына дейін олардың саны 62-ге дейін артпақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив