A+ A A-

talgatzhan 72 Бүгін, 14:30 0

Өскеменде «Саналы ұрпақ» облыстық жастар слет-форумы өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында ШҚО Білім басқармасы мен Өскемен құрылыс-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында «Саналы ұрпақ» облыстық жастар слет-форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларды парасаттылық пен адалдыққа шақыру, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру, қоғамда әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайту.
Форумға «Саналы ұрпақ» клубтарының жетекшілері мен белсенділері, өңірдегі колледж директорларының орынбасарлары, облыстық білім және ішкі саясат басқармасы, қалалық ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы мен «Тәуелсіз зерттеулер орталығы» ҚБ өкілдері қатысты.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Заң және тәртіп» қағидатына ерекше назар аударды. Биылғы оқу жылынан бастап елдегі білім мекемелерінде «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы іске қосылды. Осы ретте жастар қоғамымызды алға жылжытып, мемлекет дамуына үлес қосып келеді. Бүгінгі іс-шараға жиналған студенттер де адалдық пен әділдік туралы ой толғап, пікірталасқа қатысады, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбекқызы.
Слеттің ашылу салтанатында білім алушылар «Саналы ұрпақ» клубына мүше ретінде қабылданып, төсбелгілер табысталды. 
Жалпы форум үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Бірінші алаңда «Адал азамат болу – менің борышым!» атты сөз сөйлеу байқауы өтті. Келесі алаңда жастар «Адалдық қазынасы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы ізденіс» атты квестке қатысты. Үшінші алаңда колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Идеялар мен шешімдер форумы: «Саналы Ұрпақтың» адал ұрпағын тәрбиелеу» Workshop форматындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 
Іс-шара соңында сайыс жеңімпаздары «Адалдық» ауыспалы кубогімен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр бұл форум ҚАЕУ жоғары колледжінде ұйымдастырылған еді. Бас жүлдеге Өскемен құрылыс-техникалық колледжінің командасы ие болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив