A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:05 0

Қазақстан халқының саны 161 мың адамға көбейді

Бүгін / Республика

Бүгінгі таңда еліміздегі халықтың саны 20 млн 445 мың адамнан асты , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық бюроның мәліметінше, жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде көші-қон есебінен – 10 200 адам келсе, табиғи өсім – 151 632 адамды құраған. 

Республикадағы қала халқының саны 12,75 миллионға жеткен. Ал ауыл халқы болса, әдеттегідей азайған. Елдемекендерде қоныстанғандар саны – 7,470 млн адам. Жалпы еліміздегі ер адамдардың үлесі 9 млн 993 мыңнан асса, әйелдердің үлесі 10 млн 452 мың 452-ні құрап отыр.

Қазір еліміздің 7 өңірінде халық саны 1 миллионнан асты.

Олар:

Алматы қаласы – 2 337 023 адам;

Түркістан облысы – 2 148 207 адам;

Астана қаласы – 1 612 512 адам;

Алматы облысы – 1 586 875 адам;

Шымкент қаласы – 1 286 087 адам;

Жамбыл облысы – 1 216 849 адам;

Қарағанды облысы – 1 131 818 адам.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив