A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:40 0

ШҚО-да жүргізушілерден жолда жылдамдықты асырмау сұралады

Бүгін / ШҚО

«ҚазАвтоЖол» ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ресми ақпаратқа сүйенсек, өңірдегі маңызы бар тасжолдарда қар мен жаңбыр жауады деп күтілуде. Осындай жағдай Абай, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында да байқалады. 
Қазір шығысқазақстандықтар үшін Өскемен-Астана бағытындағы тасжолда жүру қауіпті саналады. 
– Жүргізушілерден жылдамдық пен жол қозғалысы ережелерін сақтау, ауа райының қолайсыздығын ескеру сұралады. Жолдарды қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материалдар себілуде. Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы алуға болады, - делінген ресми мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив