Қала әкімдігінің ақпаратынша, бүгін сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін ТК-663-тен ТК-737-ге дейінгі екі құбыр бойындағы жылу желісі уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның басты себебі – ТК-668-тегі ақау. Бұл тұтынушы желісіндегі сол жақ енгізу бөлігінде орналасқан ДУ-300 мм ысырма арматурасының (жабу құрылғысының) коррозияға ұшырауына байланысты. Ақау «Ануар», «Әлем», «Қайнар», «Жәрдем», «Қазақтелеком» және Өскемен қалалық полиция басқармасы бағытында анықталды.
Жөндеу жұмыстары бүгін кешкі сағат 17:00-де аяқталады деп күтілуде. Одан кейін жылу желісін толтырып, тұтынушыларға жылу беру жүзеге асырылады.
«Шығыс Жылу» АҚ магистральдық және кварталдық желілері штаттық режимде жұмыс істеуде.
Пікірлер