A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 17:00 0

Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Бүгін / Республика / Спорт

10–13 қараша күндері Семей қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел біріншілігі заманауи "Абай Арена" спорт кешенінде ұйымдастырылып, дүбірлі доданың орталығына айналмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 өңірінен келген 600-ден астам татами шебері өзара мықтыны анықтайды. Жарыс нәтижесінде 2025–2026 жылғы маусымға арналған ұлттық құрама жасақталмақ.

Төрт күнге созылатын тартысты чемпионатта ерлер мен әйелдер 14 салмақ дәрежесі бойынша жүлдеге таласады. Ал аралас-командалық сайыстың жеңімпазына Қазақстан кубогы табысталады.

Ел дзюдосының ең айтулы додасын жанкүйерлер Kazakhstan Judo Team YouTube арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив