Бүгін ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының базасында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен өтіп жатқан Ұлттық диктант ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Іс-шараға Шығыс Қазақстан Лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Абзалова және сот саласының мамандары қатысты.
«Ұлттық диктант» жобасының мақсаты – жазу мәдениетін жетілдіру, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және тіл арқылы ұлттық бірегейлікті нығайту.
Іс-шараны орталық оқытушысы Л.Кайдарова жүргізді.
Диктант мәтіні ана тілі ретінде меңгергендер үшін Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы мақаласынан алынды. Бұл сынақта баға қойылмайды, әркім өз білімін өзі тексереді. «Ұлттық диктант» жобасы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін болады.
Пікірлер