A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 13:30 0

Өскеменде Зайсан ауданының жәрмеңкесі өтті

Бүгін / Өскемен / Зайсан

Бүгін «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында Зайсан ауданынан әкелінген ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Онда зайсандық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер ет, сүт, нан және бал өнімдерін қала тұрғындарына арзан бағамен ұсынды. Көпшілік тиімді сауда жасап, өндірушілермен тікелей тілдесіп, тауардың сапасына көз жеткізді.

Зайсаннан келген Айгүл Қуатқызының айтуынша, мұндай іс-шаралар – ауыл кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндік.

- Біз өз өнімімізді қала халқына тікелей ұсындық. Ет пен сүт тез өтіп кетті, адамдар табиғи дәмге қызығушылық танытып жатыр. Осындай жәрмеңкелер жиі болса екен, — дейді ол.

Сонымен қатар жәрмеңке барысында ұлттық спорт түрлерінен жарыст ұйымдастырылды. Өскемендіктер дәстүрлі өнім мен ауыл мәдениетін ұштастырған іс-шараға дән риза.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив