A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 09:20 0

ШҚО-да 500-ден астам жас сарбаз Отан алдында ант берді

Бүгін / ШҚО

9 қарашада ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментіне қарасты Зайсан және Күршім аудандары бойынша Шекара басқармаларында «Күз–2025» әскери шақырылымының жас сарбаздары Әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұл — әрбір сарбаздың өміріндегі ең маңызды әрі жауапты сәттердің бірі. Әскери ант – Отан алдындағы адалдық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Салтанатты іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментінің басшылығы, Зайсан және Күршім шекара басқармаларының командирлері, жас сарбаздардың ата-аналары қатысты.
«Күз–2025» шақырылымында Астана, Шымкент қалаларынан және Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарынан келген 500-ден астам жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге серт берді.
Саптық алаңда салтанатты жағдайда өткен ант қабылдау рәсімі барысында әскери қызметтің абыройы мен жауапкершілігі туралы айтылып, жас сарбаздарға алдағы қызметтерінде табыс пен шыдамдылық тіленді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив