Облыс спортшысы Ардақ Нұрмағамбетов ҚР Кубогында тамаша нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жеке кездесулерде ол қарсыластарына дес бермей, Атырау, Жамбыл облыстары және Орал қаласының спортшыларын 3:0 есебімен ұтты. Ал финалда тағы да атыраулық спортшымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Ардақ ел Кубогының жеңімпазы атанды.
Жұптық жарыста Атырау қаласының спортшысымен бірге өнер көрсетіп, үш ойын өткізіп, Қазақстан Кубогының чемпионы атанды.
Аралас жұптық сайыста жерлесіміз Екатерина Федоренкомен бірге сынға түсіп, күміс жүлдеге ие болды.
Пікірлер