A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:30 0

Өскемендегі асфальт-бетон зауыты экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген

Бүгін / Өскемен

Ново-Явленка ауылының тұрғындарынан асфальт-бетон зауытының қызметіне қатысты келген өтініштер бойынша 6 қараша күні ШҚО Экология департаментінің өкілдері «AST-Qurylys 22» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тексеру барысында кәсіпорынның тиісті экологиялық рұқсатсыз асфальт өндіру қызметін жүзеге асырғаны анықталды.

Нәтижесінде кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, іс материалдары қызметті уақытша тоқтату туралы шешім қабылдау үшін Өскемен қаласының әкімшілік сотына жолданды.

ШҚО Экология департаменті қоршаған ортаға теріс әсер ететін нысандардың қызметін анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив