A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:35 0

ШҚО-да «Ұлттық диктант» жобасы жалғасуда

Бүгін / ШҚО

«Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіру, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған игі бастама, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ бастамасымен және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға «Қазақстан темір жолы» ҰК Мемлекеттік тілді дамыту секторының бастығы Ербол Тоқтағазы, ШҚ Лингвистикалық орталығының қызметкерлері жиналды. 

Қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Оқу жайы» атты мақаласынан (123 сөз) үзінді жазып, өздерінің тілдік сауаттылығын көрсетті. Ал қазақ тілін екінші тіл ретінде үйреніп жүрген өзге ұлт өкілдері «Отан» тақырыбындағы (93 сөз) мәтінді жазды. Диктантты ШҚ Лингвистикалық орталығының өкілі Балжан Серікбекқызы оқыды.

Айта кетейік, диктант екі күн қатарынан өтеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив