11 қарашада облыс бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ертең өңірде қар, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Кейбір ауданда жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін.
Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
– Мұндай ауа райында ұзақ сапарларды жоспарламаңыз, мүмкіндігінше жолға шықпаңыз. Егер сапарға шығу қажет болса, барынша дайындалыңыз. Жолға шыққанда өздеріңізбен арқан, күрек, әйнек қырғыш, қосымша отын, шам, жылы киім, телефон мен зарядталған қуат банкі, фонарь, қосымша азық-түлік, ыстық шай құйылған термос және көзге көрінетін ашық түсті мата болсын, – делінген хабарламада.
Жол жағдайы туралы ақпаратты төмендегі байланыс нөмірлерінен білуге болады:
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы (республикалық маңызы бар жолдар):
1403, +7 705 927 14 03
Жолдардың жабылу картасы: ru.qaj.kz/s/
«ОблШығысЖол» ЖШС (облыстық маңызы бар жолдар):
+7 (7232) 57 42 52, +7 705 798 05 99
Пікірлер