Тыйым Ертіс бассейніндегі барлық су айдындарына қолданылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Зайсан–Ертіс аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мәліметінше, бұл шектеу ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген және Балық шаруашылығы ғылыми-практикалық орталығының (ҒППО) Алтай филиалы ұсынымына негізделген балық аулау ережелеріне сәйкес енгізілді. Тыйымның мақсаты – «сиг» тұқымдас балықтарды уылдырық шашу маусымында қорғау.
Атап айтқанда, тыйым келесі су айдындарына қатысты:
- Бұқтырма және Өскемен су қоймаларында, сондай-ақ Ертіс өзенінде — Өскемен су электр станциясынан Шульбинск су қоймасына дейін және Шульбинск су электр станциясынан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейін – 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін,
- Бұқтырма су қоймасында – Құлынжон ауылы маңындағы паромнан төмен қарай Бұқтырма су электр станциясына дейін – 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін.
Инспекция өкілдері тыйым салынған кезеңде заңсыз балық аулағандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
- Ұсақ құқықбұзушылықтар үшін жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін, яғни 36 920 теңгеге дейін айыппұл салынады. Ал қайталанған немесе елеулі зиян келтірген жағдайларда үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру және 6000 АЕК-ке дейін (шамамен 22 миллион теңге) айыппұл түріндегі қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, заңсыз балық аулау кезінде пайдаланылған құралдар мен ауланған балықтар тәркіленеді.
Пікірлер