A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 16:20 0

ШҚО-да жолаушылар пойызы қысқы кестеге ауысуда

Бүгін / ШҚО

1 қарашадан бастап Өскемен-1 – Алтай бағыты бойынша қатынайтын пойыз кестесі өзгерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

№641/642 пойызы енді Өскемен-1 станциясынан сәрсенбі, жұма және сенбі күндері сағат 23:15-те жөнелтіліп, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері сағат 15:00-де қайта оралады.
Бұл бағыт жергілікті саяжай тұрғындарынан бөлек, Өскемен қаласының, жақын маңдағы ауылдардың және Алтай ауданының тұрғындары арасында өте танымал. Бұған дейін жазғы кесте бойынша пойыз Өскемен-1 станциясынан таңғы сағат 07:00-де шығып, Алтай станциясына сағат 13:15-те келетін. Сағат 14:50-де қайтып, Өскемен-1 станциясында сағат 21:40-та жететін.
Өскемен-1 - Риддер бағыты бойынша жүретін пойыз бұрынғы кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Өскеменнен сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері сағат 17:10-да жөнелтіледі. Қала маңындағы пойыздардың билет бағалары өзгермейді.
Сондай-ақ 1 қарашадан бастап халықаралық Локоть-Риддер бағытындағы жолаушылар пойызының кестесі өзгерді. Енді сегіз күнде бір рет қатынайтын болады. Бұл пойыздың Риддерге келуі 11, 19, 27 қарашаға, 5, 13, 21, 29 желтоқсанға, Локотьқа жөнелтулер 12, 20, 28 қарашаға, 6, 14, 22, 30 желтоқсанға жоспарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив