Қаладағы Оралхан Бөкей атындағы кітапханада балаларға арналған ерекше көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараға кітапхана ұжымы мен қала мектептерінің оқушылары қатысты. Көрме барысында келушілерге түрлі дәуірлерге тиесілі монеталар коллекциясы ұсынылды. Іс-шараның арнайы қонағы – осы салада жиырма жылдан астам уақыт жүрген Ильшат Исхаков.
— Мен бұл іспен жиырма жылдан бері айналысамын. Осы уақыт аралығында түрлі ел мен дәуірлердің тиындарын жинадым. Бүгінгі көрмеге сол коллекциямның бір бөлігін алып келдім. Мұнда көне заманда соғылған мыс тиындардан бастап, күміс сияқты бағалы металдардан жасалған ақшалар да бар, — деді ол.
Айта кетейік, көрме барысында балалар тарихи жәдігерлермен танысып, ақшаның пайда болу тарихы мен даму кезеңдері туралы қызықты мәліметтер алды.
Пікірлер