Облыс орталығында ауа райының күрт өзгеріп, қар мен жаңбыр жаууына байланысты ауа температурасының төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көшедегі қарды тазалау үшін «Таза Өскемен» кәсіпорнының мамандары жұмысқа кірісті.
- Барлық қажетті ресурс дереу жұмылдырылды. Негізгі міндет - мұздың пайда болуына жол бермеу үшін жолдардағы су мен батпақты кетіру, - делінген ресми ақпаратта.
Сондай-ақ коммуналдық қызметкерлер техникалар жұмылдырылғандықтан, тұрғындардан көлікпен немесе жаяу жүргенде сақ болуды сұрайды.
Пікірлер