49 мемлекеттік және 44 жекеменшік мектепке дейінгі мекеменің қызметкерлері мен ата-аналарына арналған тренингтер өткізіліп, 4 қарашада бос орындарға ваучерлер беріле бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы жылдың наурызында Өскемендегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба қолға алынды. Оған қаладағы 83 мектепке дейінгі мекеме қатысып, 21 474 ваучер берілді.
- Өңірде мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын 381 мектепке дейінгі мекеме бар, оның 96-сы жекеменшік. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 32 935 баланы қамтиды, оның 27 411-і мектепке дейінгі мекемелерде және 5524-і мектепке дейінгі сыныптарда оқиды. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі 99,2%-ға дейін өсті. Биыл төрт жекеменшік балабақша ашу арқылы 479 жаңа орын құрылды: Өскемен - 190, Зайсан ауданы - 100. Жеті қолданыстағы балабақшаны кеңейту арқылы 189 орын ашылды: Өскемен - 129, Глубокое ауданы - 10, Зайсан ауданы - 25, Тарбағатай ауданы - 10, Ұлан ауданы - 15, - деді ШҚО Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Бұлбұл Қозыбаева.
Жыл соңына дейін тағы үш жекеменшік балабақша ашу жоспарлануда. Атап айтқанда, Күршім ауылында бұрынғы балабақша ғимаратын сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқарылатын 120 орындық балабақша, Өскеменде 420 орындық екі балабақша. 1 қарашадағы жағдай бойынша 2-6 жас аралығындағы 1424 бала кезекте тұр.
- Біз ата-аналармен бірлесіп, оларды артық орындарға тіркеу үшін жұмыс істеп жатырмыз: аудан орталықтарында - 420 және Өскеменде - 600. Бірақ ата-аналар бүліршіндерді басқа аудандарға тасымалдаудың орнына тұрғылықты жеріне жақын балабақшаға жібергісі келеді, - деді Бұлбұл Қозыбаева.
Айта кетейік, 2025-2026 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдардағы әлеуметтік осал санатқа жататын балалардың 4753-і тегін тамақпен толық қамтамасыз етілді.
Пікірлер